24.11.2016
Британия Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеу жобасына 125 мл доллар инвестициялайды
Британдық инвестор Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын іске асыруға 125 млн доллар бөледі, бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысқан Лондондағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында белгілі болды.
24.11.2016
Жамбыл облысында 250 орынға арналған емхана ашылды (ФОТО)
Жамбыл облысының Талас ауданында 250 орынға арналған аудандық емхананың жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
24.11.2016
ЕҚДБ Қызылорда облысында 10 жобаны іске асыруға 250 млрд теңге инвестициялайды
Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабарти мырза Қызылорда қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын қаржыландыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
24.11.2016
Н.Нығматулин РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы В.Володинмен кездесті
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербор қаласында Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті.
24.11.2016
Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті (ФОТО)
Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтамақтастық жөніндегі комиссиясының 7-ші отырысы барысында Қазақстан және Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келісті.