24.11.2016
Қ.Тоқаев Санкт-Петербургте ҰҚШҰ ПА аясында бірқатар кездесулер өткізді
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жоғарғы Палатаның делегациясы ТМД және ҰҚШҰ парламентаралық құрылымдарының жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады Сенат.
24.11.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде 980 мыңға жуық шетелдік азамат Қазақстан азаматтығын қабылдады (ФОТО)
Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шет елдерден келген 600-ден астам әр түрлі ұлт өкілі жаңа қазақстандықтарға айналады. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова хабарлағандай, тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде 980 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстан азаматтығын қабылдады.
24.11.2016
Қазақстанда бизнес ашу шарттарын оңайлату қажет – Сенат депутаты
Қазақстанда бизнес ашу шарттарын оңайлату қажет, шағын және орта бизнес деңгейлері неғұрлым жоғары болса – мемлекет соғұрлым тұрақты және дамыған болып саналады, деді Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің басшысы Асқар Бейсенбаев Сенатта ШОБ мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесу барысында.
24.11.2016
Н.Назарбаев: Өңірлік туризмді ілгерілету қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту үшін маңызды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
24.11.2016
Қазақстан БҰҰ ҚК жұмысына халқыралық ынтымақтастық пен қауіпсіздік салаларында серпін беруге ынталы – Нығматулин
Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Санкт-Петербор қаласында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесі отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Парламентінің Мәжілісі.