29.11.2016
Қазақстанда «ҚазАгро» желісі бойынша субсидиялау және несиелендіру тетігі оңтайландырылады
АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша субсидиялау мен несиелендірудің жаңа тетігі субсидия алушыларды қамтуды 7 есе кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.
29.11.2016
ОҚО-да 10 ай ішінде 643,1 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілген
ОҚО-да 10 ай қорытындылары бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 643,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов облыс әкімдігінде өткен жиын барысында.
29.11.2016
А.Мамин және Ч.Гаоли Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Бейжіңге жұмыс сапары барысында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен келіссөздер жүргізді.
29.11.2016
ЕҚДБ ОҚО инфрақұрылымын дамытуға ынталы
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкiнің (ЕҚДБ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Джанет Хэкманмен кездесті. Басқосуда тараптар екіжақты бірлескен жобалар жайын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
29.11.2016
Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2016 жылы 35 млн долларды құрады
Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде 35394,8 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті.