29.11.2016
ҰБТ тапсыра алмаған мектеп түлектері алғашқы кәсібін тегін ала алады – Дүйсенова
Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында мектеп түлектері, ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орындарына түсе алмаған жастар және төмен отбасылардан шыққан жастар техникалық және кәсіптік оқыту негізінде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін ала алады, деді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
29.11.2016
Ақтөбе облысында Қазақстан бойынша алғашқы ПЭТ-орталық ашылмақ
Ақтөбе облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында GE Healthcare-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, оның шеңберінде Қазақстан бойынша алғашқы ПЭТ-орталық ашылмақ.
29.11.2016
20 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жыл сайын жаңа бағдарлама бойынша жұмысшы мамандықтарына оқи алады
Жыл сайын мамандығы жоқ 21 мың бала 11 сыныпты аяқтағаннан кейін тікелей еңбек нарығына шығады. Мұндай адамдардың саны қазір 100 мың адамға жеткен. Бұл жөнінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.
29.11.2016
Астық өндіру көлемін өсіру қажет – ҚР Премьер-Министрі
Қазақстанда жаңа технологиялардың қолданылуымен экспортқа астық жеткізу көлемі азаймайды, өнім көлемі өсіріледі, деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында.
29.11.2016
Қ.Бишімбаев: Қазақстанда жаңадан бастаған кәсіпкерлер 16 млн теңгеге дейін шағын несиелер ала алады
Қазақстанда 6%-ға дейінгі соңғы сыйақы мөлшерлемесімен жыл сайын 16 млн теңгеге дейін шағын несиелер беру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.