29.11.2016
Қазақстан мен Латвия парламенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады (ФОТО)
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Икрам Адырбеков Латвия Республикасы Сеймі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Оярс Калниньшпен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
29.11.2016
«Тұлпар-Тальго» жаңа үлгідегі вагондары сертификат алды - ҚТЖ
Астанада «Тұлпар-Тальго» зауытында қазақстандық өндірістен шыққан кең шанақты жолаушылар вагондарына Кеден одағының «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» Техникалық талабы регламентіне сәйкес сертификат салтанатты түрде табыс етілді.
29.11.2016
ҚР Президенті республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы трансферттер көлемдері туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
29.11.2016
Н.Назарбаев 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
29.11.2016
ЕАЭО елдерінің жұмыс істейтін адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт 2017 жылы күшіне енеді
Бішкекте өткен «ЕАЭО бостандығының төрт деңгейі: тауарлар, жұмыс күші, көрсетілетін қызметтер және капитал қозғалысы. Тәжірибе және сабақ алу» конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Паиза Сүйімбаева Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің жұмыс істейтін адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы айтып берді.