02.12.2016
Ағымдағы жылы 609 тәрбиеленуші бала туған отбасыларына қайтарылды
2016 жылдың 9 айында 609 тәрбиеленуші бала туған отбасыларына қайтарылды, осы ретте олардың саны 2015 жылы 1084-ке жеткен, - деп хабарлады Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында.
02.12.2016
Қазақстанда АӨК экспорттау орталығы құрылады
Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінің экспорттау орталығы құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференция барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева хабарлады.
02.12.2016
Қызылорда облысында 150 орындық аурухананың іргетасы қаланды
Қызылорда облысы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде 150 орындық орталық аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсімі өтті.
02.12.2016
Қазақстанда 2017 жылға дәрілік заттардың 95%-ы сатып алынған
Биылғы жылы Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде алдын ала сатып алды.
02.12.2016
А.Мырзахметов: ҚР-да мал шаруашылығы саласын субсидиялау қайта қаралатын болады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының тауар өндірушілерімен кездесті. Кездесуде АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды.