05.12.2016
Астанада «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)
БАҚ қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған таңдаулы материалдарға «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсының қорытындысы жарияланады. Журналистер арасындағы шығармашылық байқауға Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мұрындық болды.
05.12.2016
Қазақстан Үрімшіде өткен туристік көрмеге қатысты
Қытайлық туристерді елге тарту стратегиясы аясында Қазақстан 2016 жылы 25-27 қарашада қысқы туризм түрлері бойынша Үрімші қаласында өткен WTT-2016 халықаралық туристік көрмеге қатысты, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
05.12.2016
Күй, киіз үй және айтыс адамзаттың репрезентативтік тізіміне енді
Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасына арналған экспозиция ашылды. Шарада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов қазақтың мәдени құндылықтарын адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативтік тізіміне қосу жөніндегі ЮНЕСКО сертификатын тапсырды.
05.12.2016
Әлеуметтік жауапкершілік аясында 398 отбасы Ақтөбе облысының кәсіпкерлерінен көмек алды
Әлеуметтік жауапкершілік аясында Ақтөбе облысының кәсіпкерлері аз қамтамасыз етілген отбасыларға 17 млн теңгеге материалдық көмек көрсетті, деп хабарлады әкімдік.
05.12.2016
Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынды
Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау нысаны салынды. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-де откен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой хабарлады.