07.12.2016
Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік электр желісінің құрылысы 2018 жылы аяқталады
Қазақстанда жоғарывольттық электр жеткізетін жаңа желілер іске қосылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрлігінің электр энергетикасы департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов жаңа электр желілерінің құрылыс жұмыстары, қызметі мен маңызы жөнінде әңгімеледі.
07.12.2016
Қ.Тоқаев Қытайдың жоғары технология орталығы – Шэньчжэн қаласында болды
Қытайда ресми сапармен жүрген Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан парламенттік делегация Гуандун провинциясында орналасқан ірі индустриялық, технологиялық, қаржы және көлік орталығы Шэньчжэнь қаласында болды.
07.12.2016
Г.Әбдіқалықова: 9330-дан астам «Болашақ» стипендиясының иегерлері тәуелсіздік жылдары ішінде жоғары деңгейде білім алды
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шет елдерде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2017 жылға арналған стипендиялар саны талқыланды.
07.12.2016
Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті
«ExxonMobil» компаниясының президенті Д.Вудс, «Total E&P» компаниясының президенті А.Брейяк, «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Б.ван Берден және «Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
07.12.2016
Н.Назарбаев: Қашаған – халықтың әл-ауқатын арттыратын ірі жоба
Мемлекет басшысы мұнай саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.