07.12.2016
Қазақстан мен Ватикан конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласында ынтымақтасуға ниетті
Дін істері және Азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстандағы және Тәжікстандағы апостолдық Нунций Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесу өтті, деп хабарлады министрлік.
07.12.2016
Мәжіліске Канада Елшісі келді
Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Стайлмен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
07.12.2016
Шетелдік ЖОО-ларда білім алуға 544 қазақстандық мүмкіндік алды
Магистратурада және докторантурада оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 544 үміткерге комиссия шешімімен стипендия тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
07.12.2016
Елордалық тәртіп сақшыларының қатарын 200 штаттық учаскелік инспектор толықтырды
Елордалық тәртіп сақшыларының қатарын 200 штаттық учаскелік инспектор мен офицерлік құрамнан 150 адам толықтырады. Бұл туралы бүгін Астана қ. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев қала тұрғындарымен алғашқы есептік кездесуде мәлім етті. Шараға Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, елордалық ІІД, қалалық мәслихаттың, қоғамдық кеңес активтерінің өкілдері, ПИК басшылары және елорда тұрғындары қатысты.
07.12.2016
Елбасы кітапханасында «Назарбаев моделі» кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының Талдау орталығы «Назарбаевтың моделі» кітабының тұсаукесерін өткізді.