08.12.2016
Жамбылдық сыртқы сауда айналымының көлемі 206,4 млн долларды құрады
2016 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 164,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 99,8%-ды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуниккациялар қызметі алаңында өткен брифингте Талғат Базарбайұлы баяндады.
08.12.2016
Есеп комитеті мембюджетке 1 млрд теңгеге жуық қаражатты қайтарды
Есеп комитеті 2016 жылдың 9 айы ішінде 210 нысанда 15 аудиторлық іс-шара жүргізді, анықталған бұзушылықтардың сомасы 701,1 млрд теңгені құрады, осы ретте қаржылық бұзушылықтар көлемі 80%-ға азайды, деп хабарлады есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім ҚР Парламентінің Сенатында өткен «Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жаңа моделі» атты дөңгелек үстел барысында.
08.12.2016
Астанада «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық конференциясы басталды (ФОТО)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.
08.12.2016
Ж.Түймебаев: ОҚО университеттері өңір экономикасының дамуына үлес қосуы керек (ФОТО)
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі ҚР Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінде болып, аталған бөлімнің жеке құрамы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиынына қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
08.12.2016
Қазақстан кәсіпкерлері ШОБ үшін білікті мамандарды дайындауды ұсынды
Қазақстан кәсіпкерлері ШОБ үшін білікті мамандарды дайындауды ұсынды, деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2016 жылғы қызмет нәтижесін қорытындылау мен 2017 жылға арналған жұмыс жоспарының отырысында.