12.12.2016
Қазақстанда бюджеттік қаражат есебінен 3900-ден астам ЭҚҰ бағдарламалары қаржыландырылды
2010 жылдан бастап Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 3981 экстракорпоральды ұрықтандыру (әрі қарай – ЭҚҰ) бағдарламалары қаржыландырылды. Қазақстанда бюджеттің қаржыландыруы нәтижесінде 2010-2016 жылдары 1216 бала өмірге келді.
12.12.2016
Қ.Тоқаев пен В.Володин парламентаралық ынтымақтастықты талқылады (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Парламентінің СенатыПарламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думаның Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
12.12.2016
Астанада Израиль мен Қазақстанның іскер топтары үшін бизнес форум өтеді (ФОТО)
Астанада Израиль мен Қазақстанның іскер топтары үшін бизнес-форум өтеді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифнгте Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаэль Бродский хабарлады.
12.12.2016
Қолөнер шеберлігі Қазақстан экономикасының әртараптануына айтарлықтай үлес қосуы мүмкін – БҰҰДБ (ФОТО)
Қолөнер шеберлігі Қазақстан экономикасының әртараптануына айтарлықтай үлес қосуы мүмкін, деді Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел Орталық коммуникациялар қызметінде қолөнер және Қазақстан экономикасын әртараптандыру мақсатында оның әлеуетін артттыру тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында.
12.12.2016
Қазақстанда мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың саны 5 мыңға қысқарады (ФОТО)
Қазақстанда мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың саны 5 мыңға қысқарады, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.