12.12.2016
Қызылорда облысының Жосалы ауылында 25 тұрғынға ЖТҮ үшін жер телімі берілді
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 10 желтоқсан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінің 25 тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімінің құжаттарын тапсырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
12.12.2016
ОҚО-да 50 тұрғын үй пайдалануға берілді (ФОТО)
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Созақ ауданында 50 отбасы жаңадан баспаналы болды. Теріскейліктерге тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
12.12.2016
ИИДМБ: ОҚО-да пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
12.12.2016
Талдықорғанда МЖӘ аясында жекеменшік балабақша ашылды
Талдықорған қаласында 4 жекеменшік балабақша ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
12.12.2016
ИИДМБ: Еуро-5 санатты қазақстандық бензиннің алғашқы партиясы БҚО-да сатылымға шықты
«Конденсат» АҚ Еуро-5 экологиялық санатты автомобиль отынының коммерциялық өндірісін іске қосты, деп хабарлады «Қазақстанның даму банкі «АҚ.