20.12.2016
ҚР ҚМ Әскери медициналық орталығында мамандарды даярлаудың үздік халықаралық тәжірибесі енгізіледі
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медициналық орталығы үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес мамандардың әскери-медициналық даярлығын дамыту, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу және өңірлік деңгейге шығу сияқты келешегі зор бағыттарды игеруде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
20.12.2016
Комитет отырысында Қарсы барлау қызметі туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
20.12.2016
Александр Тараков ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» директоры қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Юрьевич Тараков Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
20.12.2016
Н. Әлібаев: ҚР-да 2017 жылға дәрілік заттарды сатып алу 94%-ға қамтамасыз етілген
2017 жылға дәрілік заттарды сатып алу алдыңғы жылдармен салыстырғанда алдын ала өткізілді. 2017 жылғы өтінім берілген қажеттіліктің 94%-ы сатып алынды, деп хабарлады «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
20.12.2016
Сенат отырысының күн тәртібі келісілді
Сенат Бюросында 2016 жылғы 22 желтоқсанда болатын Палата отырысының күн тәртібі келісілді. Сенаторлар «Пробация туралы», «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» заң жобалары мен бірқатар өзге заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін ілеспе заң жобаларын қарайды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.