21.12.2016
Қазақстан АӨК саласына шетелдік инновацияны енгізуге мүдделі
Қазақстан АӨК саласына шетелдік инновацияны енгізуге мүдделі, деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Ұлттық аграрлық ғылыми-оқыту орталығы» ҰАҰ Басқарма төрағасы Асқар Наметов ОКҚ брифингінде.
21.12.2016
Бейжіңде отандық 20 компанияның ауылшаруашылық өнімдері таныстырылды
Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы қазақстандық 20 тауар өндіруші компания Қытай астанасында өз тауарларын таныстырса, 10 компания өздерінің инвестициялық жобаларын көрші елге ұсынды, деп хабарлады Атамекен ҰКП.
21.12.2016
Өскеменнің әуежайы 5,2 млрд теңгеге толықтай жаңғыртылады
Шығыс Қазақстанның әкімшілік орталығының әуежайының ұшу-қону жолағы 2800 метрге дейін ұзартылып, 45 метрге дейін кеңейтіледі, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
21.12.2016
ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге 240 пәтердің кілтін табыстады (ФОТО)
Қазақстанның қорғаныс ведомство басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Гвардейск, Сарыөзек және Алматы гарнизондарын аралады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
21.12.2016
Мәжіліс депутаттары Қазақстандағы сот-сараптама қызметі туралы заң жобасын мақұлдады
ҚР Парламентінің Мәжілісі пленарлық отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады.