23.12.2016
2018 жылдан бастап Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды алады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуімен республиканың барлық тұрғындары, баладан бастап зейнеткерге дейін, жұмыс жасайтынына немесе жасамайтындығына қарамастан, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті барлық дәрігерлік көмекті алады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің хатшылығы.
23.12.2016
ОҚО-да Жастар орталығына жеке ғимарат берілді
Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі мен облыс әкімінің жүлдесі үшін республикалық «Жайдарман» ойыны өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
23.12.2016
«ҚазАгро» 10 жыл ішінде АӨК-ні қолдауға 2,3 трлн теңге бағыттады
10 жыл ішінде елдің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қолдауға Холдингпен 2,3 трлн. теңгеден астам қаражат бағытталды.
23.12.2016
Қостанай облысында ерекше балаларға арналған түзету кабинеті ашылды
Қостанайда қабілеті жоғары балаларға арналған психоло-педагогикалық кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.
23.12.2016
ЕАЭО-да жалған медициналық бұйымдардың айналымына қарсы іс-қимылдың бірыңғай тәртібі белгіленді
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын медициналық бұйымдардың, сапасыз, контрафактілі немесе жалған медициналық бұйымдардың қолданылуын тоқтата тұру немесе оған тыйым салу және оларды Одақ елдеріндегі айналымнан алу шараларын қолдануы тәртібін бекітті.