27.12.2016
Қазақстанда барлық кітапханалардың бірыңғай электронды каталогы құрылады
Қазақстанда 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді. Аталған сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді, деп хабарлады ҚР вице-премьерінің хатшылығы.
27.12.2016
Қазақстанға Су-30СМ жойғыштарының партиясы келіп түсті (ФОТО)
Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамы 4++ үлгідегі СУ-30СМ заманауи көп функционалды жойғыштарының кезекті партиясымен толықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
27.12.2016
ҚТЖ Қазақстандағы локомотив шығару зауытын дамыту мақсатында американдық инвесторды тартты
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «General Electric Transportation» арасында «Локомотив құрастыру зауыты» 50% акциясын «GE» компаниясы иемденуі жөніндегі келісім жасалды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
27.12.2016
Қазақстан мен Ресей екі бағыт бойынша әуерейстерін ашты
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атына Жуковский – Астана және Жуковский - Алматы бағыттары бойынша ресейлік «Уральские Авиалинии» әуекомпаниясының тағайындалғаны туралы РФ СІМ-нен Нота қабылданды, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
27.12.2016
ШҚО-да бірегей сауын цехі ашылды (ФОТО)
Шығыс Қазақстанның Шемоноиха ауданында 620 басқа арналған жаңа тауарлы сүт фермасы ашылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.