28.12.2016
Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қ. Әбдірахмановты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
28.12.2016
Шымкентте 70 отбасы баспаналы болды (ФОТО)
Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 216 пәтерлі 9 қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
28.12.2016
Қазақстанда шетелдерден жоғарғы білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шаралары жеңілдетіледі
Қазақстанда шетелдерден жоғарғы білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР миграциялық саясатындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау мен миграция комитетінің басшысы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ақмади Сарбасов хабарлады.
28.12.2016
«Нұрлы жол»: Алматы облысында 300 орындық мектеп ашылды (ФОТО)
Қарасай ауданы, Үштерек ауылында 300 орындық мектеп ашылды, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
28.12.2016
Д. Назарбаева халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарымен кездесті (ФОТО)
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары - халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.