30.12.2016
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша Қазақстанның перспективасы
2017 жылы Қазақстанды ірі шаралар күтіп тұр. Мәселен, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу үшін Қазақстан шетелдік 100 делегацияны қарсы алады. Шараны сәтті өткізу елдің одан әрі дамуына ықпал етеді. Осы жылдың ақпан айында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының екінші жиыны барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрменің әкелетін табыстары туралы айтқан болатын.
30.12.2016
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы 2016 жылы жаңа бағыттарға ие болды
2016 жылы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандандырылуымен бірқатар бизнес-форумдар ұйымдастырылды, Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі форумдар қорытындылары бойынша тараптардың қандай нәтижелерге қол жеткізгені және Қазақстанның бизнес қоғамдастығы шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған қандай құжаттарға қол қойғаны туралы айтпақ.
30.12.2016
ЕАЭО-да көлік құралдары 2017 жылы «қатерлі тетікпен» қамтылады
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес одақтық елдерде жедел қызметтерді күшіне ендіру бойынша тәртіп өз күшіне енеді.
30.12.2016
2017 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу қатысушылары жана қағидаларымен жұмыс істейтін болады
2017 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу барлық кезендері жоспарлаудан бастап, ақы төлеумен аяқтай отырып электрондық форматта www.goszakup.gov.kz. – веб-порталы арқылы жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу Қағидаларымен танысуға болады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
30.12.2016
Мәлік Мырзалин ҚР Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мәлік Мырзалин ҚР Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.