06.01.2017
Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 315 млн доллардың өнімін экспорттады
2016 жылғы қаңтар-қазанда Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 694810,8 мың АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 315884,9 мың АҚШ долларын, импорт – 378925,9 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлады статистика департаменті.
06.01.2017
Мәжіліс депутаты Н.Сабильянов Шығыс Қазақстан тұрғындарына «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі бағыттарын айтып берді
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз және Жарма аудандарының 6 елді-мекенінде сайлаушылармен 7 кездесу өткізді.
06.01.2017
2017 жылы бірқатар қызылордалық ауылдардың сумен жабдықтау жүйесі жаңартылмақ
2017 жылы Сексеуіл, Әйтеке би, Жосалы мен Тасбөгет кенттерінде сумен жабдықтау жүйелері жаңартылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
06.01.2017
Достық станциясы арқылы Қытайдан Ұлыбританияға контейнерлік пойыз жолға шықты
Достық станциясы арқылы Қытай-Ұлыбритания бағытымен алғашқы контейнерлік пойыз іске сәтті қосылды. Пойыз ҚХР шығысында орналасқан Иу қаласынан Ұлыбританияға дейін жол жүреді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
06.01.2017
ОҚО-да қолайлы өмір сүруге жағдай жасауға аса көңіл бөлінеді
Оңтүстік Қазақстан облысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті. Күн тәртібінде 2016 жылғы құжат айналымы мен ондағы тапсырмалардың орындалу жайы талқыланды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов баяндама жасады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.