11.01.2017
Қазақстанның сыртқы істер министрі Астананың Сирия бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін растады
ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Даулардың алдын алу және бейбітшілікті сақтап қалу» тақырыбына өткен ашық пікірталастарда сөз сөйлеп, Астанада сириялық реттеу жөніндегі келіссөздер үшін алаң беруге дайын екенін тағы растады. Бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
11.01.2017
Қазақстан уран өндіруді 10%-ға қысқартады
Уран нарығын қалпына келтірудің ұзаққа созылуына байланысты Қазақстанда 2017 жылға жоспарланған уран өндірісі шамамен 10%-ға қысқарады, бұл жөнінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.
11.01.2017
Н. Назарбаев Иранмен сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
11.01.2017
Жамбыл облысының ЖЭК нысандары ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсетуге даярлануда
Жамбыл облысының ЖЭК нысандары ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсетуге даярлануда, жалпы алғанда, 9 жоба таныстырылады, деп хабарлады өңір әкімдігі.
11.01.2017
Қазақстанда құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу тәртібі өзгерді
Құқық қорғау органдарына кадрларды іріктеу тәртібі түбегейлі өзгерді, деп хабарлады Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.