10.02.2017
Сенатор Д.Назарбаева Президент Жолдауын сарапшылармен талқылауға қатысты
Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматы қаласындағы Тұңғыш Президент – Елбасы қорында Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын талқылауға байланысты сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
10.02.2017
Көкшетауда 2017 жылы 5 көппәтерлі тұрғын үй салынады
Көкшетауда 1,4 млрд теңгеге 5 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, деді қала әкімі Ермек Мәржікпаев жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытыныдысы бойынша халық алдында есеп беру кездесуінде.
10.02.2017
Қарақия ауданының 180 тұрғыны ЖҚЖК аясында кәсіптік оқудан өтті
Қарақия ауданының 180 тұрғыны ЖҚЖК аясында кәсіптік оқудан өтті. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы қорытынды есебінде мәлім болды. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, облыстық басқарма басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
10.02.2017
Маңғыстау облысында 2017 жылдың тамызында жылыжай кешені іске қосылады
Маңғыстау облысында аумағы 3 гектарды құрайтын Мұнайлы ауданындағы жылыжайдың құрылысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
10.02.2017
ҚР МСМ кадрлардың кәсіптік даярлығына ерекше көңіл бөледі – Райымқұлова
ҚР МСМ келер ұрпақты тәрбиелеу, кадрлардың кәсіптік даярлығын күшейту, үштілді білім беру саясатын жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бұл жөнінде ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтты.