14.02.2017
Қазақстанда жыл соңына дейін 33,8 мың отбасы баспанамен қамтылады - Қасымбек
Мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй құрылысы мәселелері қарастырылған. 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға мына бағыттар бойынша 400 млрд. теңге бөлінді: Нәтижесінде, 2016 жылы 8,3 мың отбасы баспанамен қатмасыз етілді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.
14.02.2017
СҚО-да 35 мемлекеттік мекеме бәсекеге қабiлеттi ортаға тапсырылады
СҚО-да 35 мемлекеттік мекеме бәсекеге қабiлеттi ортаға тапсырылады, деді қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжанов аппаратық кеңес барысында.
14.02.2017
2017-2019 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасының 23 жобасын жүзеге асыру үшін 1,7 трлн теңге қарастырылған
ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек Үкімет отырысында 2017-2019 жылдары автожол саласында 1,7 трлн теңге сомасына ұзындығы 4,4 мың шақырым қамтылатын 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылғанын баяндады.
14.02.2017
БҚО Зеленов ауданындағы инвестициялар көлемі 10,3% өскен
Батыс Қазақстанның Зеленов ауданының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 10,3% өсті, деп хабарлады аудан әкімі Кәрім Жақыпов халықпен есеп беру кездесуінде.
14.02.2017
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бюджеттік бөлігінің жылдық жоспары 100 %-ға дерлік игерілді – Қаржы министрлігі
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының бюджеттік бөлігінің жылдық жоспары 100 %-ға дерлік игерілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.