22.02.2017
Қарағандылық автоқалдықтарды өңдеу зауыты «Сарыарқа» АЭА құрамына енді
Қарағандыда автоқалдықтарды өңдеу зауытының құрылысын жүргізіп жатқан «Recycling Company» ЖШС «Сарыарқа» АЭА резиденттерінің тізіміне енгізілетін болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
22.02.2017
Биылғы жылы Алматы облысында 22 денсаулық сақтау нысаны салынуда
Биылғы жылы Алматы облысында жалпы құны 3,2 млрд. теңге болатын 22 денсаулық сақтау нысаны салынуда. Оның 10-ы ауылдық дәрігерлік амбулатория, 8-і фельдшерлік акушерлік пункт. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
22.02.2017
Сенаторлар Ақмола облысының шаруашылықтарын аралады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында Ақмола облысындағы Целиноград ауданының шаруашылықтарында болды.
22.02.2017
Ақтөбе облысында 2017 жылдың соңына дейін 160 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев есеп беру кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және Астанада өткен жеке кездесуінде алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға тоқталды.
22.02.2017
Бүгінде заңнамалық билік тармағының атқарушы билік тармағымен бірлескен жауапкершілігі едәуір өсіп келеді – Башимов
Бүгінде заңнамалық билік тармағының атқарушы билік тармағымен бірлескен жауапкершілігі едәуір өсіп келеді. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов мемлекеттік басқару реформаларының барысы мен олардың ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына әсеріне арналған дөңгелек үстел барысында хабарлады.