28.02.2017
Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жоюға алдағы 2 жылда 82 млрд теңге бағыттайды
2017-2018 жылдары үш ауысымды және апатты мектептерді жоюға мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан 82,8 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде Ұлттық қордан – 71,3 млрд теңге (2017 жылы), республикалық бюджеттен -11,5 млрд теңге (2018 жылы), деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
28.02.2017
Қазақстанда құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу енгізіледі
Қаржы министрлігі құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеуді енгізуді ұсынды. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
28.02.2017
Білім берудің ақпараттық жүйесі мәліметтерді 4 платформаға жібереді
Білім берудің ақпараттық жүйесі мәліметтерді 4 платформаға жібереді, деді Үкіметтің отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
28.02.2017
Сәуірге қарай Қарағанды облысының ауыл шаруашылық кооперативтерінің саны артады
2017 жылы Қарағанды облысында 37 ауыл шаруашылық кооперативін құру жоспарланған, соның ішінде 17-сі іске қосылды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Юржан Беккожин облыстық әкімдіктегі аппарат отырысында мәлімдеді.
28.02.2017
2017 жылы қазақстандық мектептер үшін 11 мыңнан астам мультимедиялық жиынтық сатып алынбақ
2017 жылы компьютер, проектор және экраннан тұратын 11 мыңнан астам мультимедиялық жиынтық сатып алынады. Бірінші кезекте Интернет желісіне қосылмаған ауыл мектептері мен оқу орындары үшін. Бұл туралы Үкімет отырысында БҒМ басшысы Ерлан Сағадиев хабарлады.