28.02.2017
2016 жылы 40 мыңнан астам қызылордалық халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды
2016 жылы Қызылорда облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (24,2 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (15,9 мың адам) қатарындағы 40 мың 67 адам қамтылды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
28.02.2017
Электрондық үкімет порталын пайдаланушылардың саны 6 миллионға жетті
Отандық электрондық үкімет порталында тіркелген пайдаланушылардың саны 6 миллионға жетті. Астана қаласының 68 жасар тұрғыны Раиса Тян 6 миллионыншы пайдаланушы болып тіркелген, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.
28.02.2017
Ляззат Ақтаева ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №97 қаулысымен Ақтаева Лязат Мейрашқызы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
28.02.2017
ЕҚЫҰ ДИАҚБ конфессиялық алуандықты сақтау жөніндегі Қазақстан саясатын жоғары бағалады
Парламент Сенатынының орынбасары Бектас Бекназаров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының діни еркіндік немесе сенім мәселелері жөніндегі аға кеңесші Кишан Маночамен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
28.02.2017
2018 жылдың соңына дейін астаналық 84 мектеп «Smart-мектеп» жүйесімен қамтамасыз етіледі (ВИДЕО)
Мектеп процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автоматтандыру үшін «Smart-мектеп» жобасының осы кезеңінде 2017 жылдың соңына дейін 22 астаналық мектепті қамтамасыз ету жоспарланса, 2018 жылдың соңына дейін осы жүйемен Астананың 84 мектебі қамтылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин және «Astana Innovations» АҚ бас менеджері Нұрбек Жетпісов Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында айтты.