03.03.2017
Астанада Елбасының қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтуде
Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Күн тәртібінде «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының қабылдануы қаралады.
03.03.2017
ҚР ДСМ денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға бағытталған 5 маңызды бастама көтерді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Елбасы Жолдауында қойылған міндеттемелерді жүзеге асыру үшін 5 маңызды бастама көтерді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында мәлімдеді.
03.03.2017
Ақтөбе облысы Македония және Түркиямен ынтымақтастық өрістей түседі (ФОТО)
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Македония республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Илия Псалтировпен және Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі агенттігінің өкілі Әли Ихсан Чагларменмен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
03.03.2017
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарды
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы соңғы 10 жылда 72 жасты құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 6 жылға ұзарған, деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында.
03.03.2017
Қазақстанның алтын-валюта қоры 1,1%-ға артты
Алдын ала деректер бойынша алтынвалюта резервтері бір айда 1,1%-ға өсіп, ақпанның соңында 29,9 млрд. АҚШ доллары болды. Бұл жөнінде бүгін ҚРҰБ Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында БАҚ-қа арналған брифингте сөз сөйлегенде хабарлады.