03.03.2017
Шымкентте дәрі-дәрмек шығаратын тағы бір зауыт салынады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Біріккен Араб Әмірлігінің үкімет мүшесі шейх Хассан Абдулькарим Хабиб Мансур Алхерз мырза бастаған бір топ отандық кәсіпкерлермен кездесті. Еуропалық «BITONFLY» фирмасы және оңтүстікқазақстандық «Нuray pharmaceuticals» ЖШС мен «Aquacrystal Croup» компанияларының басшылары облыс әкіміне бірлесіп іске асырғалы отырған бизнес жобаларын таныстырды.
03.03.2017
Словакия қазақстандық студенттерге грант ұсынады
Словакия Республикасының Ұлттық шәкіртақы бағдарламасы 2017–2018 жылдарға студенттер, аспиранттар, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет саласының қызметкерлеріне білім гранттарын ұсынады, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.
03.03.2017
Қарағандыда айналма жолдың құрылысына 48 млрд теңге қажет
Қарағандыда көліктер саны жыл сайын артады. Қазіргі кезде қалада 177 мың автомобиль мен мотоцикл тіркелген. Олардың басым бөлігі азаматтардың меншігінде (154 мың), деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
03.03.2017
Өткен жылы 1,3 трлн теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді – Айтуғанов
2016 жылы Қазақстанда 1,3 трлн теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілген. Осылайша, аталмыш саладағы көрсеткіш 4%-ға өскен. Бұл туралы ҚР Ауыл-шаруашылығы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында аталмыш ведомство басшысының орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
03.03.2017
2017 жылы 410 кооператив құрылады
Биылғы жылы 410 кооператив құру жоспарланған, 2016 жылы олардың саны 157 болған еді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында министрдің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.