07.03.2017
Алматыда қаланы абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінбек
Алматыда «Қолайлы қала» басымдығы аясында қаланы абаттандыруға қосымша 2,2 млрд теңге бөлінеді, бұл туралы VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясы барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов хабарлады.
07.03.2017
Қазақстан елшісі Тәжікстанның Бас прокурорына мерейтойлық медаль табыстады
Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Бас прокуроры Рахман Юсуф Ахмадзодпен кездесті, тараптар елдердің екіжақты ынтымақтастығын талқылады.
07.03.2017
Киевте қазақ тілін меңгеру енгізілуде
Киевте Қазақстанның Украинадағы елшілігің бастамасымен Жамбыл Жабаев атындағы Киев қоғамдық кітапханасында Украинадағы қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқытатын клуб ашылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
07.03.2017
Жамбыл облысында биыл 9 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді
Жамбыл облысында биыл 9 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді, деді Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Жамила Бекбатырова.
07.03.2017
Б.Сапарбаев: Әйелдер еңбегінің нәтижесінде облыс экономикасы оң көрсеткіштерге ие болуда
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 30 үздік жұмысшысын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.