14.03.2017
ҚР Үкіметі халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша заң жобасын қабылдады
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы зейнетақыны кезеңдеп көтеруді қарастырады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында мәлімдеді.
14.03.2017
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде «Киберқорғанысты» қалыптастыру мәселесі талқыланды
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының XIX отырысын өткізді.
14.03.2017
Н.Әбдібеков Есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Н.Қ.Әбдібековті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
14.03.2017
Е.Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Е.Ж. Қошановты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
14.03.2017
ЕАЭО-да табиғи монополиялар саласындағы «Жол картасы» қабылданбақ
ЕЭК биылғы жылдың соңына дейін табиғи монополиялар саласындағы нормаларды үйлестіру бойынша «жол картасын» әзірлейді. Бұл туралы ЕЭК Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитетінің оныншы отырысының қатысушылары келісті.