17.03.2017
Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Семей қаласына барды
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Б. Сағынтаев Семей қаласының Халықаралық әуежайы мен ЖЭО-1 қайта құру жұмыстарын тексереді, «Назарбаев зияткерлік мектебінің» бөлімшесіне барады, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында қала жұртшылығымен кездесу өткізеді, деп хабарлады primeminister.kz.
17.03.2017
Т. Дүйсенова атыраулықтарға «Е-Халық» ақпараттық жүйесінің басымдығы туралы түсіндірді
«Е-Халық» ақпараттық жүйесі қазақстандықтарға ауылдық әкімдіктерде жұмыссыз ретінде есепке тұруға мүмкіндік береді. Бұл туралы, бүгін, Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында өткен «Ауылдық округ әкімінің автоматтандырылған жұмыс орны» бағдарламасын таныстыру барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.
17.03.2017
Қазақстан Елшісі Ресей Президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге сенім грамоталарын табыс етті.
17.03.2017
ОҚО-да 1,5 мың шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар мен ішкі көшелер жөнделеді
ОҚО-да 1,5 мың шақырымға жуық жергілікті маңызы бар жолдар мен ішкі көшелер жөнделеді. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді.
17.03.2017
Ақмолалық жастармен жұмыс істеуге 225 млн теңге бөлінді
Ақмола облысының жастарымен жұмысты ұйымдастыру үшін 225 млн теңге бөлінді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.