24.03.2017
Молдова Қазақстанмен ынтымақтастықты ары қарай нығайтуға ниетті (ФОТО)
Кишинев қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Самат Ордабаев Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
24.03.2017
Ташкентте қыркүйек айында қазақстандық өндірушілер көрмесі өтпек (ВИДЕО)
«Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі биылғы жылдың қыркүйегінде Өзбекстан нарығына өз өнімін экспорттауға мүдделі қазақстандық өндірушілердің Ташкентке жауап сапарын жоспарлап отыр. Бұл туралы «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің басқарушы директоры Асқар Арынов Астанада өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы аясында мәлімдеді.
24.03.2017
Мәжілісте Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заң жобасы қаралады
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
24.03.2017
ОҚО-да 150 дәрінің бағасы жыл соңына дейін көтерілмейді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, ҚР ДС Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО облысы бойынша департаменті, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы препараттардың бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды.
24.03.2017
Қарағандыда 108 жас отбасы баспаналы болды
Қарағандыда өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша қатысушыларға пәтер кілті табысталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.