27.03.2017
Бизнеске кепілдік тегін беріледі
Қалаларда шағын несиелерді кепілдендіруге 1,2 млрд теңге қарастырылған, ауылдық жерде 2,8 млрд теңге. Бизнеске кепілдік тегін беріледі. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
27.03.2017
Шағын және орта бизнеске 18 млн теңгеге дейін несие беріледі
Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несиелер 7 жылға 18 млн теңгеге дейін беріледі, түпкілікті сыйақы ставкасы 6 пайызды құрайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәжілістегі Үкіметтік сағатта айтты.
27.03.2017
Қазақстанның экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады – Сүлейменов
Елдің экономикалық белсенді бөлігін 8,9 млн адам құрайды. Қазақстанның экономикалық белсенді халқының үшінші бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Мәжілісінде «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту шаралары туралы» Үкіметтік сағатта айтты.
27.03.2017
Қырғызстан Тараздағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 100 тонна тауар жеткізді
Тараз қаласындағы «Достық» алаңында Қырғыз Республикасы Талас облысының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
27.03.2017
Қ.Тоқаев: ҰҚШҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің негізгі буындарының бірі
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ҚазақстанделегациясыТМД мен ҰҚШҰ парламентаралық құрылымдарының жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.