28.03.2017
Еліміздегі әкімдіктер техникалық білім бойынша 91 арнайы жобаны жүзеге асыруға дайын
Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында, қысқамерзімді курстарда азаматтарды кәсіби даярлауды қарастыратын 91 арнайы жобаны жүзеге асыруға дайындығын білдірді.
28.03.2017
Қазақстанның Қарулы Күштерінде бригадалық тактикалық оқу-жаттығу өтуде
Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстан Қарулы Күштерінің «Мәтібұлақ» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бригадалық тактикалық оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
28.03.2017
Ә.Галимова: ҮЕҰ дерекқорында болу – артықшылық
Өткен жылы үкіметтік емес ұйым қызметі саласында бірқатар жаңашылдықтар болды. Бұл грант пен сыйлықтар түрінде қаржыландыруды үкіметтік емес ұйым мәліметтерінің жұмысына енгізу, кепілдендірілген қаржыландыру опеарторын құру, ҮЕҰ-мен жұмыс істеуде құзыретті органды анықтау сынды өзгертулер.
28.03.2017
Қ.Тоқаев терроризмді түбірінен жою стратегиясына көшуге шақырды
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Халықаралық терроризммен күрес жөніндегі парламенттік конференцияда баяндама жасады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
28.03.2017
Шардара балығының 70 пайызы шетелге экспортталуда
Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, оны Еуропа елдерінің нарығына шығару көзделуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.