29.03.2017
«Нұрлы жол»: Қарағандыда жаңа мектеп ашылады
1 сәуірде жаңа №102 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылады. Мектеп «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынды. Құрылыс, жабдықтау және рәсімдеу жұмыстарына 1,8 млрд теңге жұмсалды. Осындай ерекше жобаланған ғимарат қалада біреу ғана, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
29.03.2017
Сенаторлар Шымкенттегі әскери нысандарында болды (ФОТО)
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері еліміздің Қарулы Күштерінің Шымкент гарнизонында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасө қызметі.
29.03.2017
2016 жылы Ақтөбе облысының 29 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды
2016 жылы Ақтөбе облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (20,6 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (8,9 мың адам) қатарындағы 29 мың 454 адам қамтылды.
29.03.2017
Ақмола облысының бюджеті нақтыланды
Ақмола облысының басшысы М.Мырзалиннің қатысуымен алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтіп, онда 30 мәселе қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
29.03.2017
Ақтөбе облысында алма бағы отырғызылмақ
Ақтөбе облысының Қобда ауданында егіншіліктегі ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығы.