01.04.2017
Шымкенттегі кілем фабрикасы экспорт көлемін 30 пайызға арттырды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кілем, кілем өнімдерін және полипропилен жіптерін өндірумен айналысатын еліміздегі алғашқы «Бал Текстиль» кілем фабрикасы экспорт көлемін 20-30 пайызға арттырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
01.04.2017
Әділет министрлігі мүлік құқығын қорғау бойынша халықтан ұсыныстар қабылдай бастады
Әділет министрлігі мүлік құқығын қорғау саласындағы мәселелер бойынша халықтан ұсыныстар қабылдай бастады. Азаматтар өздерінің ұсыныстарын p.propertyrights@adilet.gov.kz.
электрондық мекен-жайына жолдай алады.
01.04.2017
Қазақстанда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік басталды
1 сәуірде Қазақстанның барлық аймақтарында «Дұрыс тамақтану – дені сау ұлтты қалыптастырудың кепілі!» ұранымен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өткізіледі. Шара 10 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
01.04.2017
ОҚО-да неміс машинасын құрастыратын зауыттың филиалы ашылуы мүмкін
Оңтүстік Қазақстан облысына өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысуға Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Йорн Розенберг бастаған германиялық делегаттар келді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
01.04.2017
Қазақстанда ЭКСПО кезінде қандай мәдени шаралар өтеді? (ШОЛУ)
Мәдениет және спорт министрлігі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-көріністік және спорттық іс-шараларын қамтитын Кешенді бағдарламасының ресми сайтын үстіміздегі жылдың ақпан айында таныстырған болатын.Министрлік Қазақстанның өнер және спорт шеберлері мен талантты жастарының қатысуымен 700-ге жуық мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасы республиканың мәдени және өнер жетістіктерін халықаралық деңгейде таныстырады.