05.04.2017
Мемлекет басшысы Экологиялық кодекске өзгерістер енгізді
Мемлекет басшысы экологиялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
05.04.2017
Н.Нығматулин Энергетика министрлігіне электр энергиясының ақысын азайтуды ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин Энергетика министрлігіне тарифтердің бағасын төмендету туралы сауал жолдады.
05.04.2017
АӨК-ге 128 млрд-тан астам инвестиция тарту жоспарланған
Қазақстандағы агроөндірістік кешенге инвестиция тарту үшін 128,2 млрд теңгеге 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Бұл туралы ҚР СІМ-де ҚР Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының таныстырылымында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.
05.04.2017
Қостанай облысы жылына 5 млн тоннаға дейін бидай жинайды
Соңғы жылдары Қостанай облысы АӨК мемлекеттік қолдау шараларына сүйене отырып барлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттырды. Дәлел ретінде Қостанай облысындағы орташа жылдық бидай өндірісі 5 млн тоннадан асқанын айтуға болады, деп ағынан жарылды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамтаев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
05.04.2017
Қазақстан 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 1,5 млрд долларға дейін арттырады
Қазақстан 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 1,5 млрд долларға дейін арттырады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстыру барысында хабарлады.