11.04.2017
Қазақстанда базалық мөлшерлеме 11% деңгейінде сақталды
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/-1%-дық симметриялық дәлізбен 11% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер 12%-ға тең, ал өтімділік алу операциялары бойынша мөлшерлемелер 10%-ға тең болды.Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қ. телевизиялық БАҚ үшін өткізілген брифингте сөйлеген сөзінде хабарлады.
11.04.2017
ШҚО-да сүт өңдеу деңгейі үш есе артқан
ШҚО-да сүт өңдеу деңгейі соңғы үш жылда үш есе артқан. Бұл туралы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппараттық жиналыста мәлімдеді.
11.04.2017
Ақтау көшелеріне күннен қуат алатын шамдар орнатылады
Маңғыстау облысының әкімдігі, «Source Energy» ЖШС және ҚХР «Huaming Guangdong smartled co LTD» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
11.04.2017
Қазақстан мен Швейцария ЭКСПО-2017 алаңында ынтымақтастықты кеңейтуде
Қазақстан мен Швейцария «ЭКСПО-2017» алаңын білім беру, ғылым, техника, дәстүрлі және баламалы энергетика салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін пайдаланбақшы, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
11.04.2017
Ақмола облысында аумақтарды абаттандыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінбек
Биыл Ақмола облысында жолдарды жөндеуге, аумақтарды санитариялық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға 3,0 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген, бұл туралы өңір әкімдігіндегі аппараттық жиналыс барысында белгілі болды.