11.04.2017
Сенат комитетінде мәдениет туралы заңнамаға түзетулер қаралды
Парламент Сенатында Бірғаным Әйтімованың төрағалық етуімен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
11.04.2017
Жыл басынан бері 48 мыңнан астам қазақстандық «Өрлеу» жобасына қатысты
Қазақстанда, 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығы, «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында 48,3 мың азаматқа жалпы сомасы 1 млрд 758 млн теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
11.04.2017
ШҚО тұрғындары Қазпошта арқылы мемлекеттік корпорация қызметтерін ала алады
Шығыс Қазақстан обласында Қазпошта бөлімдері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба іске асырылды.
11.04.2017
Елордалық мектептерде үштілділіктің тиімді үлгісі насихатталуда
Үштілділіктің ең тиімді үлгісін жүзеге асыру аясында қазақ тілін үйрету әдістемесінің өзектілігін арттыру және ұстаздарды оқытудың табысты құралдарын пайдалануға үйрету қарастырылған. Елордалық мектептерде қазақ тілі мен ағылшын тілін дамытудың өзекті міндеттері туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин Астананың сараптамалық клубының отырысында хабарлады.
11.04.2017
Қазақстанда жылына 40 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүті өндіріледі
Қазақстанда жылына 40 тоннаға дейін жоғары сапалы сублимацияланған бие сүті өндіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуразия Инвест Лтд» және «SAUMAL» Сауда Үйі» компанияларының өкілдерінің қатысуымен «Саумал (бие сүті) - функционалды тамақтың жете бағаланбаған өнімі» тақырыбында өткен брифингте мәлім болды.