13.04.2017
Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Ташкент (Өзбекстан). Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі және V Халықаралық «Демалыс әлемі 2017» туристік көрмесіне қатысу шеңберінде бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында мәдениет, спорт және туризм саласындағы екі елдің өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды, деп хабарлады МСМ баспасөз қызметі.
13.04.2017
Қазақстан мен АҚШ-тың әскери инженерлері бірлескен жаттықтырулар өткізеді
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштері делегациясының кездесуі барысында минасыздандыруды дамыту аясындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
13.04.2017
Латын әліпбиіне көшу Қазақстанның жалпыәлемдік процеске енуін жылдамдатады – әкім
Қарағанды облысының әкімдігінде аймақ активінің жиналысы өтті, онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
13.04.2017
«Е-қызмет» жүйесі мемлекеттік органдардың кадрлық үрдістерін автоматтандырады
«Е-қызмет» жүйесі мемлекеттік органдардың барлық кадрлық үрдісін автоматтандыруға бағытталған, деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметкерлерді қосымша оқыту институтының директоры Гүлімжан Сүлейменова Азия мемлекеттік басқару қауымдастығының (АМБҚ) жыл сайынғы жетінші конференциясы барысында.
13.04.2017
ЕАЭО елдері Кеден кодексі туралы шартты ратификациялауға кірісті
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартына қол қою рәсімі аяқталды. ЕАЭО елдері құжатты ратификациялау алдындағы ішкі мемлекеттік рәсімдерге кірісті, деп хабарлады ЕЭК.