13.04.2017
А.Мырзахметов Ақмола және Павлодар облыстарына жұмыс сапарымен барды
Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Ақмола және Павлодар облыстарында болды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
13.04.2017
Қ.Тоқаев неміс парламентшілерімен кездесті
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Бундестагының депутаты Манфред Грунд бастаған «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының делегациясын қабылдады, деп хабарлады палата.
13.04.2017
Сарапшының пайымы: Латын әліпбиіне өту Халықаралық интеграцияны арттырады
Қазақстанда 2025 жылы қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіруге дайындық жұмыстары басталды. Аталмыш реформаның артықшылығы мен кемшіліктері туралы БР СКП жанындағы Третей соты төрағасының орынбасары, қаржы және экологиялық құқық, кәсіпкерлер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Динара Миннигулова «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында әңгімелеп берді.
13.04.2017
Ж.Қасымбек «Астана-Павлодар» автожолының құрылыс дайындығын тексерді
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, салынып жатқан Астана-Павлодар автожол учаскесіндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін қадағалады. Сондай-ақ, мердігер ұйым өкілдерімен жедел кеңес өткізді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
13.04.2017
Қарағанды облысында туристердің тұруына арналған нысандар саны 8,2% артты
2016 жылы Қарағанды облысында туристердің тұруына арналған нысандар саны 8,2% артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.