24.04.2017
ҚР Президенті Қаржы министрлігіне мемлекеттік шығынды азайтуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
24.04.2017
Қазақстанда ағымдағы жылы 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға беріледі деп күтілуде
Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,5 млн шаршы метр немесе шамамен 25 мың пәтер пайдаланылуға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы ҚР инвестициялар мен даму министрінің орынбасары Роман Скляр ҚР Парламенті Мәжілісіндегі отырысында хабарлады.
24.04.2017
«Нұрлы жер» туралы депутат: Бөлініп отырған қыруар қаржы тиімді жұмсалу керек
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және «Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары туралы» қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
24.04.2017
Г.Әбдіхалықова «Ла Скала» театрының бас директорымен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ла Скала» театрының бас директоры және көркемдік жетекшісі Александр Перейрамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
24.04.2017
Бас Прокурор Литвадағы әріптестерімен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Жақып Асановтың Вильнюске іс-сапары барысында Литва Республикасымен Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы мемлекетаралық шартқа қол қойылды, деп хабарлады ведомство.