27.04.2017
«Көне Тараз» паркі ЭКСПО-2017 қонақтары аралайтын орындар тізіміне енгізілді
Қазақ хандығының 550-жылдығына орай ашылған «Көне Тараз» республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш – археологиялық парк ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтары аралайтын қалалар тізіміне енгізілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.
27.04.2017
Қазақстанда журналистика саласы бойынша ұлттық сыйлық тағайындалды
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын жарияланғанын айтты.
27.04.2017
Сенат Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заңды қабылдады
Парламент Сенаты «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады. Біздің еліміздің Гаага конференциясына мүше болуы Қазақстан құқық жүйесінің әлемдік стандарттарды ескере отырып, одан әрі дамуына, қазақстандық азаматтардың шет елдердегі мүдделері мен құқықтарының қорғалу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев Парламент Сенатында мәлімдеді.
27.04.2017
Ақтөбе облысында МЖС аясында 28 денсаулық сақтау нысаны салынады
2017 жылы Ақтөбе облысында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 28 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда.Бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Аалиев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
27.04.2017
СІМ басшысы Сауд Арабия Короліне ИЫҰ саммитіне шақырту берді (ФОТО)
Эр-Рияд қаласында Сауд Арабия королі Салман бен Абдел Азиз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.