• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
RSS

Астана ЭКСПО-2017 кеңсесінде өңір басшыларымен кеңес өтті 28.04.2017 Астана ЭКСПО-2017 кеңсесінде өңір басшыларымен кеңес өтті
ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысының кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Халықаралық мамандандырылған Көрмені ілгерілету жайында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, Астана, Алматы және облыс әкімдерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлады ұлттық компания басшысы.

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» аясында  922 тұрғын үй салу жоспарланған 28.04.2017 Жамбыл облысында «Нұрлы жер» аясында 922 тұрғын үй салу жоспарланған
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Жамбыл облысында 309 көппәтерлі және 922 жеке тұрғын үйлерді салу жоспарланған, деп хабарлады Аймақтық коммуникация қызметі.

Алматы-Шу теміржолының Отар-Шілбастау қума желісі екі тармақты жолға қосылды 28.04.2017 Алматы-Шу теміржолының Отар-Шілбастау қума желісі екі тармақты жолға қосылды
Алматы-Шу теміржолының Отар-Шілбастау қума желісінде 11 шақырымнан астамы екі тармақты жолға қосылды. Алматы-1-Шу теміржол желісінің екінші өткізу кешені «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ күшімен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрі ақылы көлік тұрақтары жайында айтып берді 28.04.2017 Ішкі істер министрі ақылы көлік тұрақтары жайында айтып берді
Көлік тұрақтарын, әр түрлі деңгейдегі жаяу жүргіншілер өткелдерін және басқаларын салу, соның ішінде ақылы көлік тұрақтарын жасау арқылы елді мекендерге түсетін көлік жүктемесін азайту – жол қозғалысын ұйымдастырудың басты мәселесі, деді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР Парламентінің Сенатында өткен үкімет сағатында.

«Алматы – Талдықорған» магистральді газ құбыры аяқталды 28.04.2017 «Алматы – Талдықорған» магистральді газ құбыры аяқталды
Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Талдықорған» автоматтандырылған газ бөлу стансасына барып, ондағы технологиялық жабдықтармен және магистральді газ құбырын автоматтандырылған басқару жүйесімен танысты, сондай-ақ аймақ пен Талдықорған қаласын газдандыру барысы туралы баяндаманы тыңдады.


Новости 11861 - 11865 of 54953
First | Prev. | 2371 2372 2373 2374 2375 | Next | Last