28.04.2017
ҚР Премьер-Министрі Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, олармен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, экономиканы қайта реттеу және ырықтандыру, экономиканың жаңа салаларын, жаңа индустрияларды, сервистік экономика мен «қарапайым заттар» экономикасын ендіру мәселелерін талқылады, деп хабарлады primeminister.kz.
28.04.2017
Сенат Еуропарламентпен ынтымақтастықты нығайтуда
Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асхат Күзеков Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 14-ші отырысына қатысуда.
28.04.2017
Алматының қала құрылысы кеңесі бірқатар жобаларды бекітті
Алматының қала құрылысы кеңесінде мамандандырылған жеке мектеп пен көппәтерлі төрт тұрғын үй кешенінің құрылысын салу жобалары мақұлданды, олар екі мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлады қала әкімдігі.
28.04.2017
Т.Сүлейменов инвесторларды жекешелендіруге қатысуға шақырды
ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Алматыдағы Инвестор күніне қатысып, онда Қазақстан экономикасының жағдайы, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар және жекешелендіру бағдарламасы туралы баяндады, деп ведомстводан хабарлады.
28.04.2017
ҚР ОСК-де Сенат депутаттарының сайлауына дайындық жайында айтып берді
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында отырыс өтті, оның аясында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен мүшелері Комиссияның алдағы сайлау науқанын өткізуге дайындық жұмысы туралы айтып берді.