03.05.2017
Астанада әскери-дипломатиялық корпустың салтанатты қабылдауы өтті
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпустың басшыларын жұбайларымен қабылдауды өткізді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
03.05.2017
ЭКСПО кезіндегі спорттық шараларға кез келген адам қатыса алады
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде бұқаралық спорттық шаралар өткізіледі, оларға кез келген адам қатыса алады, деп хабарлады Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Қабдулин.
03.05.2017
Астанада ЭКСПО кезінде өтетін шаралардың 70%-ын бизнесмендер қаржыландырады
ЭКСПО-2017 кезінде өтетін шаралардың 70%-ы алаңдар мен саябақтарда шағын және орта бизнестің қолдауымен өткізіледі. Бұл туралы «Елорда күніне орайластырылған және Астана қаласында ЭКСПО-2017 өткізілетін кезеңде ұйымдастырылатын мәдени және спорттық шаралар туралы» баспасөз мәслихатында Астана қаласы мәдениет, мұрағат пен құжаттандыру басқармасының басшысы Болат Мажағұлов хабарлады.
03.05.2017
Қазақстанның заманауи және соғысқа қабілетті-жасақталған әскері бар – Т.Мұхтаров
Қазақстанның заманауи, жақсы жасақталған, соғысқа қабілетті әскері бар. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров жалпы білім беру мекемелерінің білім алушылары үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – Тәуелсіздік күзетіне 25 жыл» тақырыбына өткен интерактивті дәріс барысында айтты.
03.05.2017
ҚР БҒМ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру бойынша жобаны іске қосады
Астанада Қазақстан Республикасында «Абилимпикс», «Deafskills» чемпионаттарын қолдау және дамыту бойынша бірлескен ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР БҒМ.