04.05.2017
Парад алдында әскери техниканы жоспарлы дайындау жүргізілуде
Астанада ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған парадқа әскери техниканы жоспарлы дайындау жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
04.05.2017
Астанада жұмыс берушілер 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды
Халықты жұмыспен қамту орталығы 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
04.05.2017
Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына қолдау көрсетті
Вена қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың, Жапонияның Сыртқы істер министрі Фумио Кисиданың және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербоның Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартына (ЯСЖТШ) қолдау көрсету бойынша бірлескен мәлімдемесін қабылданды.
04.05.2017
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығы
Өткен аптада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Тұрақтылық, бірлік, келісім - модернизация негізі" деген тақырыппен XXV сессиясы өтті. Келелі кеңеске еліміздің барлық аймақтарынан келген 1,5 мыңнан астам адам қатысты. Онда 15-тен астам қатысушы өз баяндамаларын оқып, Елбасының мақаласына қатысты пікірлерін білдірді және ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығымен бөлісті.
04.05.2017
БҰҰ штаб-пәтерінде тиімді мемлекеттік басқару қағидаттары талқыланды
БҰҰ штаб-пәтерінде Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің мемлекеттік басқару бойынша сарапшыларының 16-шы сессиясы өтті. Жыл сайынғы сессияда Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов сөз сөйледі.