10.05.2017
«Денсаулық» пойызы 2 990 маңғыстаулықты тексерді
«Денсаулық» пойызының мамандары Маңғыстау облысында 2 990 жергілікті тұрғындарды тексерістен өткізді, оның шініде 2124-і бала, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитеті.
10.05.2017
Қазақстан Дұбайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады
Қазақстанның елшісі Қайрат Лама Шариф ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атынан Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумге Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесіне Қазақстанның қатысатынын ресми түрде растайтын хатты тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ.
10.05.2017
Нобель сыйлығының лауреаттары Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді
Нобель сыйлығының лауреаттары ЭКСПО іскерлік бағдарламасы аясында 2017 жылғы 19-20 маусымда Астанада өтетін Инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресіне қатысатынын растады, деп хабарлады WSEC-2017 Инженерлер мен ғалымдар дүниежүзілік конгресінің Ұйымдастыру комитеті.
10.05.2017
ҚР Президенті авиация қызметі мәселелеріне қатысты түзетулерге қол қойды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
10.05.2017
Астанада жыл басынан бері 1 874 тұрғын жұмысқа орналастырылды
Астанада жыл басынан бері 1 874 тұрғын жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 85 – әлеуметтік жұмыс орындар, деп хабарлады Астана халықты жұмыспен қамту орталығы.