11.05.2017
ҚТЖ Қытай мен Еуропа арасындағы 15 транзиттік бағытқа қызмет көрсетеді
2016 жылы Қытай-Еуропа-Қытай контейнерлік тасымалы көлемі екі есеге (581-ден 1212 пойызға) артты. Бұл туралы Түркменстандағы Көлік және логистика жөніндегі халықаралық конференциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президент Санжар Елубаев хабарлады.
11.05.2017
Астанада Дүниежүзілік Тау-кен конгресі аясында инвестициялық саммит өтеді
Астанада 2018 жылы Дүниежүзілік Тау-кен конгресі аясында Mines&Money инвестициялық саммиті өтеді, бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлады.
11.05.2017
Қазақстанда дәрілік заттарды қадағалау үшін бірегей штрих-кодтар әзірленуде
Ақпараттық жүйе және смартфондарға арналған тиісті қосымша әзірлей отырып, өнімнің әрбір қаптамасына бірегей штрих-кодтар жапсыру арқылы дәрілік заттарды қадағалау жүйесін енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл туралы ҚР Үкіметінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру барысына арналған брифингте ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
11.05.2017
Меморгандардың баспасөз қызметкерлері жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруде
Орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің жетекшілері «Мемлекеттік органдардың стратегиялық сандық коммуникациясы» екі күндік семинар-тренингінде заманауи құралдарды меңгерудің алдыңғы тәжірибесін үйренуде. Семинар-тренингті Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб пен ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұйымдастырды.
11.05.2017
Қызылордада 40 көпбалалы ана марапатталды
Қызылордада көпбалалы аналарды «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» құрметті белгілерімен салтанатты марапаттау шарасы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.