19.05.2017
Қазіргі уақытта ЭКСПО көрмесіне 2 225 мың билет сатылған
2017 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша 2 225 мың билет өткізілді, деп хабарлады ҚР ИДМ.
19.05.2017
Каннада алғаш рет Қазақстан павильоны ашылады
Алғаш рет отандық кино индустрия саласында 70-ші Канн кинофестивалінде Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
19.05.2017
Алдағы үш жылда 1900 ауылға желі тартылып, 5 миллионға жуық адам сапалы интернетке қол жеткізеді – Дәурен Абаев
Елбасының пәрменімен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өз алдына дербес құрылым болғанда журналистер қауымы «бөркін аспанға атқаны» белгілі. Содан бері тура бір жыл өтті. Жаңа министрлік БАҚ-тың бағын аша алды ма? Жалпы ақпарат пен коммуникация салаларын нығайту үшін қандай іс атқарды? Осыған шолу жасау үшін ведомство басшысынан сұхбат алу көптен жоспарланған іс еді. Соған сай, әзірлеген сауалдарымыз да ауқымды болатын. Алайда, біз күткендегідей болмай шықты. Министр мырза дайын сұрақтарымызды ысырып қойып, ресми қалыптан тыс, еркін сұхбат құруға шақырды. «Кез келген сауалға жауап беруге дайынмын» деген соң, біз де сұрақтарды «қабырғадан қоюға» тырысып көрдік, деп жазады Егемен Қазақстан газеті.
19.05.2017
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жел генераторлары пайда болады
Қарқаралы ауданында құны 44 млрд теңге болатын жаңа ауқымды жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
19.05.2017
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АМСК деңгейінде әмбебап көмекті құрумен айналысуда
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласына жұмыс сапармен барды, деп хабарлады ведомстводан.