23.05.2017
Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру: ЖОО дербестігі жайында (ШОЛУ)
Ұлт жоспарының 78-қадамын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының академиялық басқару дербестігін кеңейтуге бағытталған Заң жобасын әзірледі. Осыған байланысты, еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім беру стандарттары мен талаптарын өз бетінше әзірлеу құзыреті беріледі. Қазақстанның жоғары оқу орындарына тағы қандай артықшылықтар беріледі және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жақсарту бойынша ЭЫДҰ-ның қандай халықаралық ұсынымдарын ескеру керек, осы жайында Strateggy2050.kz АА тілшісінің шолуынан оқыңыз.
23.05.2017
Премьер-Министр жеке куәлік құжаттарын бір күннің ішінде беруді тапсырды
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрлігіне Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп жеке куәлік құжаттарын Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында бір күннің ішінде және қалған өңірлерде жеті күннің ішінде беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
23.05.2017
Үкіметте мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мәселелері талқыланды
Үкімет отырысында жаңа технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру үдерісі қаралды, деп хабарлады primeminister.kz.
23.05.2017
Батыс Қазақстанда елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде
Батыс Қазақстанда Ақжайық ауданының елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.
23.05.2017
Жамбыл облысында балаларды сауықтыруға 316 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
Жамбыл облысында балаларды сауықтыруға жергілікті бюджеттен 315 млн. 208 мың теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова хабарлады.